Call-орталығы сапа мәселелерін, көрсетілген
қызметтерді, шағымдар мен ұсыныстарды қарайды

Хирургиялық төсектері бар неонаталогиялық хирургиялық бағыттағы реанимация бөлімше Алсейтов Улықпан Болатбекұлы


Алсейтов Улықпан Болатбекұлы
Бөлімшенің меңгерушісі
Жоғары санаттағы дәрігер

Алматы қаласының перзентханарынан түсетін туа біткен ақаулары бар және басқа да хирургиялық патологиясы бар нәрестелерге, жоғары дәрежелі отаға дейін және отадан кейін үстемелі ем көрсету үшін, Алматы қ. ДСБ № 28 бұйрығына сәйкес 01.04.2010 ж. Неонатология бағытындағы қарқынды терапия палаталары бар реанимация бөлімшесі ашылды.
Қазіргі таңда бөлімшеде 8 реанимациялық және 2 хирургиялық төсектер орналастырылған. Бөлімшеде туа біткен ақауларға байланысты (орталық нерв жүйесінің ақаулары (жұлын ми жарығы, рахишизис, гидроцефалия), асқазан-ішек жолдарының ақаулары(өңеш, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек атрезиялары), көк ет жарығы, алдынғы іш қабырғасы ақаулары (гастрошизис, омфалоцеле), мойын, сегіз көз-құйымшақ аймақтарының тератомалары , және т.б.) күрделі реконструктивті-пластикалық оталар жасалады.
Бөлімшеде ургенттік консультативтік-көлік қызметі ұйымдастырылған. ШЖҚ "Жедел медициналық жәрдем станциясы" МКК неонаталдық бригадасымен бірлесіп тәулік бойы консультациялық-реанимациялық көмекті және босандыру мекемелерінен жаңа туған нәрестелерді тасымалдауды жүзеге асырады. Психо-эмоционалды қолдау көрсете отырып, жаңа туған нәрестелердің аналарымен және туыстарымен санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізіледі.

Бөлімше дәрігерлері: Сексенбаева А.А., Джанабергенова Г.А., Сайдакбаров Е.А., Сатыбалды З.Т., Жұмабай С.М және Ибатолла Б.Н.