Call-орталығы сапа мәселелерін, көрсетілген
қызметтерді, шағымдар мен ұсыныстарды қарайды

Нейрохирургия бөлімшесі Ибрагимов Мухтар Дарханович


Ибрагимов Мухтар Дарханович
Бөлімшенің меңгерушісі
Жоғары санаттты дәрігер

Нейрохирургия бөлімшесі 1977 жылы ашылды. Бөлімшеде науқас балаларға Алматы қаласында арнайы жедел және жоспарлы түрде медициналық көмек көрсетіледі. Балаларға жедел және жоспарлы көмек көрсету Алматы қаласының Алмалы, Бостандық, Медеу, Түркісіб және Жетысу ауданын қамтиды. Басқада жоспарлы нейрохирургиялық ота жасау Қазақстанның барлық аймақтарын қамтиды.
Нейрохирургиялық бөлімшеде бас миының, жұлын – омыртқа жарақатымен, орталық жүйке жүйесінің көптеген туа пайда болған ақауларымен, ми- жұлын ісіктері мен мидың қан айналымының бұзылуларына ұшыраған науқас балаларға көмек көрсетілді және де бас жарақатынан кейінгі, отадан кейінгі науқастарға реабилитациялық ем, және де бет- жақ аймағының туа пайда болған ақауларына көмек көрсетіледі.
Бөлімшеде жедел және жоспарлы түрде: ми ішілік қан құйылу, бас сүйектерінің басылып сынуы, бас терісінің әртүрлі ісіктеріне, бас сүйегінің дефектілеріне пластикалы ота жасау, ми ішілік торсылдағына, эхинококты торсылдағына, мидың қатты қабығының пластикасы, туа пайда болған ми-жұлын жарықтарына микрохирургиялық ота жасау, шуннты ота, нейроэндоскопиялық тривентрикулостомия, кистотомия оталары, нейроновигациялық жүйенің көмегімен оталар жасау, микрохирургиялық невролиз отасы, омыртқа сынықтарына траспедикулярлы фиксация отасы, бет-жақ аймағының туа пайда болған ақауларына оталар жасалынады.

Бөлімше дәрігерлері: бөлім меңгерушісі, нейрохирург Ибрагимов М.Д.( жоғары санатты, жұмыс өтілі 20 жыл); бет-жақ хирургі профессор Нурмаганов С.Б.( жоғарғы санатты, жұмыс өтілі 30 жыл); медицина ғылымының кандидаты, нейрохирург Дьяченко Н.А.( жоғары санатты, жұмыс өтілі 48 жыл); нейрохирург Нүсіпқожаев А.И.( бірінші санатты, жұмыс өтілі 10 жыл);