Call-орталығы сапа мәселелерін, көрсетілген
қызметтерді, шағымдар мен ұсыныстарды қарайды

Күйік бөлімшесі Жумадильдаев Раджа Сарсенбаевич


Жумадильдаев Раджа Сарсенбаевич
Бөлімшенің меңгерушісі
Медицина ғылымдарының кандитаты, жоғары санаттағы дәрігер
Күйік бөлімшесі 2013 жылдан бастап қызмет атқарады.
Бөлімшеде көлемі мен ауқымдылығы бойынша үлкен жарақат алған, жергілікті күйік, әсіресе функционалды белсенді аймақтарда күйік алған, шок аймақтарының (беті, сыртқы жыныс мүшелері) күйігі бар балаларға, сонымен қатар үсік алған науқастарға жоғарымамандандырылған көмек көрсетіледі.
Сонымен қатар, бөлімшеде Қазақстанның барлық аймақтарындағы балаларға ортопедиялық және реконструктивтік көмек жоспарлы түрде ірі буындардың, қол және аяқ саусақтарының десмогенді және артрогенді әртүрлі ауыр жарақаттары бар науқастарға, денесіндегі ұсқынсыз, аралас келоидты және гипертрофиялық іздерді, күйіктен кейінгі лагофталдарын жою жүргізіледі.