Аурухана Денсаулық сақтау саласында сапа бойынша аккредитациялау орталығы жүргізген жан-жақты бағалаудан сәтті өтті. Комиссия ұйымның барлық бөлімшесі мен үдерісін ұлттық стандарттарға жоғары деңгейде сай келетінін растады.

Орталықтың медициналық қызметкерлері үнемі шетелдің жетекші клиникаларында біліктілігін арттырып отырады. Ұжым ұрпақтар сабақтастығы, мықты білім беру базасы және кәсіби тұрғыда үнемі дамуға ұмтылысымен ерекшеленеді.

Аккредитацияның жоғары санатының берілуі — кішкентай пациенттерге көрсетілетін қызмет сапасы, қауіпсіздігі және жайлылығы жоғары деңгейде екенінің дәлелі.

 

Алматы қаласы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы Ұлттық аккредитацияның жоғары санатын иеленді.