Қазақстанда бүгінде 20 миллионнан астам адам тұрады.
Олардың 17 миллионнан астамы (82 %-дан көбі) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде сақтандырылған мәртебесіне ие.
Сақтандырылғандардың құрамы:
* 12 миллионнан астам адам – жеңілдікті санаттарға жатады (балалар, студенттер, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, мүгедектігі бар азаматтар және басқа санаттар). Олардың жарнасын мемлекет толық немесе ішінара өз мойнына алады.
* 4,5 миллионға жуық азамат – жарнаны тұрақты түрде өздері аударады.
Алайда 3,5 миллионнан астам адам әлі күнге дейін МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр.
Олардың ішінде шамамен 1 миллион адам Цифрлық отбасы картасы бойынша әлеуметтік әл-ауқаты дағдарыстық және шұғыл деңгейдегі (D және E санаты) азаматтар болып табылады және жарнаны өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап маңызды өзгерістер күшіне енеді
* Әлеуметтік жағдайы дағдарыстық және шұғыл деңгейдегі азаматтардың МӘМС жарнасын жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет есебінен төлейтін болады.
* Ресми тіркелген жұмыссыз азаматтардың жарнасы да жергілікті бюджеттен қаржыландырылады (бұған дейін республикалық бюджеттен төленетін).
Нәтижесінде осы санаттағы азаматтарға автоматты түрде «сақтандырылған» мәртебесі беріледі және МӘМС пакеті аясында мына қызметтерді тегін ала алады:
* бейінді мамандардың қабылдауы,
* жоғары технологиялық диагностика (МРТ, КТ, ПЭТ-КТ т.б.),
* жоспарлы және шұғыл оталар,
* стационарлық емдеу,
* қымбат дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және оңалту.
Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз осы санаттарға жататынын және 2026 жылдан бастап жарна сіздер үшін төленетінін нақтылағыңыз келсе, тіркелген емханаңызға немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласыңыз.
МӘМС жүйесіндегі ағымдағы мәртебеңізді кез келген уақытта тексеруге болады:
* Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
* @SaqtandyryBot Telegram-боты
* eGov.kz электронды үкімет порталы
* 1414 телефоны (Қазақстан бойынша тегін)
Естеріңізде болсын: МӘМС шеңберінде толық көлемде медициналық көмек алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға тіркелу міндетті.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз – сақтандырылған болыңыз!





