Казахстан, Алматы қаласы, Манаса көшесі,40

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын 1965 жылдан бастап №1 балалар ауруханасының қосылуы негізінде қызмет етуде, оның құрамында 800 төсек-орын емхана, 4 балалар емханасы болған. Тұрғындарға медициналық көмектің жетімді болу мақсатында балалар емханасы аймақтық емханаларға өткізіліп, қазіргі уақытта аралас емхана болып табылады. Қазіргі уақытта ауруханада 275 төсек орын бар, хирургиялық бағытта 210 төсек-орын, жаңа туған нәрестелерді және неврологиясы бар нәрестелерді қараудың екінші кезеңіне 30 төсек-орын, офтальмологияға 30 төсек-орын және токсикологияға 5 төсек-орын арналған.

Аурухана жақсартылған материалды-техникалық қорды қамтиды, заманауи құралдармен жабдықталған, алынған лицензиясы негізінде аурудың түрлеріне жоспарлы және шұғыл медициналық көмек көрсету мүмкіншілігі бар. Оған қоса, ауруханада нейрохирургиялық, хирургиялық, травматологиялық, офтальмологиялық патологиясы бар науқастарға жоғарымамандандырылған көмек көрсетіледі. Аурухананың қызметін қамтамасыз етуші материалды-техникалық қоры үнемі жетілдіріліп отырады, жоғары мамандандырылған медициналық көмек тізімі толықтырылып отырады.

Аурухана жоғары мамандандырылған мамандарды қамтиды: дәрігерлік мамандардың 28 атауы (сонымен қатар, 6 медицина ғылымының кандидаты, 51 дәрігердің жоғары және бірінші санат дәрежесі бар). Аурухана қызметкерлері бірнеше рет Мемлекеттік шен марапатына ие болған ( Шапагат медалі, Алтын Адам, ҚР тәуелсіздігіне арналған ҚР премия лауреаттары), «Жыл дәрігері» атағына және т.б. ие болған.

БШМЖО С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар хирургиясы кафедрасының базасы болып табылады, кафедра меңгерушісі К.С.Ормантаев, профессор К.Т.Турсынов, АМДБЖИ анестезиология және реанимация кафедрасы, кафедра меңгерушісі Т.А.Джумабеков, көз аурулары кафедрасы, кеңесші профессор Т.С.Тулеова және Б.О.Сулеева.

Аурухана қызметінің негізі болып хирургиялық патологиясы бар науқас балаларға шұғыл және жоспарлы көмек көрсету табылады (жарақаттану, ортопедия, нейрохирургия, комбустиология, абдоминалды және торакалды хирургия, іріңді хирургия, жаңа туған нәрестелер хирургиясы, урология, офтальмалогия). Сонымен қатар, ауруханада жаңа туған және шала туған нәрестелерге жоғарымамандандырылған және арнайымамандандырылған көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, ауруханада Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша әр түрлі уланумен (токсикология) түсетін балаларға көмек көрсетіледі.

Аурухананың келесідей құрылымдық бөлімшелері бар:
• Хирургиялық қабылдау бөлімшесі, бүгінгі таңда, Алматы қаласында, тәуліктік жоғарымамандандырылған шұғыл травматологиялық, хирургиялық, нейрохирургиялық, реанимациялық медициналық көмек көрсету бойынша монополист болып табылады, жарақаттанушыға және кез келген патологиясы бар науқасқа шұғыл диагностика жүргізу және оған тиісті ем түрін жүргізу үшін қажетті құралдар және жабдықтармен жабдықталған, оған реанимациялық шаралар, шокқа қарсы қарқынды терапия және хирургиялық көмек жатады;

• Хирургиялық санаттағы бөлімше: травматологиялық, ортопедиялық, нейрохирургиялық, торакалды хирургия және хирургиялық жұқпа бөлімшесі, жалпы хирургия және урология бөлімшесі, күйік бөлімшесі, офтальмология бөлімшесі науқастарға көмек көрсету бойынша монополист болып табылады ;

• Жаңа туған нәрестелер патологиясы және ерте жастағы неврология бөлімшесі, жұқпа-бокс бөлімшесі, аталған бөлімшелер Алматы қаласы бойынша арнайымамандандырылған көмек көрсету бойынша монополист болып табылады;

• Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі және жаңа туған нәрестелер реанимациясы бөлімшесінде арнайымамандандырылған реанимациялық көмек көрсетіледі және ауыр науқастарға және виталды функциялары бұзылған науқастарға қарқынды терапия жүргізіледі;

• Ақылы медициналық көмектің кеңестік-диагностикалық бөлімшесі әр түрлі патологиясы бар науқас балаларға жоғары мамандандырылған амбулаторлы және емханалық көмек көрсетеді, хирургиялық емді қосқанда, алғашқы медициналық көмек көрсетеді, бүгінгі таңда, Алматы қаласы және Алматы облысының нарығына өзінің қызмет түрлерін ұсына алатын монополист болып табылады;

• Ақылы медициналық көмектің көпсалалы хирургиялық бөлімшесі;

• Эндоскопия кабинеті қала бойынша бала жасындағы науқастарға арналған кабинет болып табылады, ол заманауи эндоскопиялық құралдармен жабдықталған (фиброгастроскоп, фиброколоноскоп, бронхоскоп, лапароскоп, цистоскоп), бұл оның ерекшелігін көрсетеді; аталған құрылғы арқылы кез келген диагностикалық зерттеу түрін жүргізуге болады; эндоскопқа арналған видеоастар құрсақ қуысына және кеуде қуысына, жоғарысапалы визуалды бақылау жүргізе отырып, шұғыл шара қолдануға мүмкіндік береді; жоғары аталған бөлімше, бүгінгі таңда, бала жасындағы эндохирургия саласында монополист болып табылады;

• Заманауи деңгейде емдік-диагностикалық процесті қамтамасыз ету үшін ауруханада қуатты параклиникалық қызмет бар, ол сәулелі диагностика бөлімшесін қамтиды (рентгенологиялық зерттеудің барлық түрлері, ультрадыбыстық диагностика, компьютерлік томография және магнитты резонансты томография), функционалды диагностика кабинеті, зерттеу жиынтығы, физиотерапия бөлімшесі. Аталған құрылымдық бөлімшелердің барлығы заманауи құралдармен жабдықталған, бұл әр түрлі жас тобындағы балаларға кез келген зерттеу түрін жүргізуге мүмкіндік береді;

• Орталықтандырылған залалсыздандыру зертханасы қан алуға арналған жиынтықтарды сапалы залалсыздандыру алдындағы өңдеуді жүргізеді; бөлімшеде жұмыс сапасына қатаң бақылау жүргізіліп, науқастарға сенімді қауіпсіздік қамтамасыз етіледі;

• Қан құю кабинеті аурухананы қан препараттарымен, қан алмастырушылармен, әр түрлі инфузиялық және трансфузиялық орталармен, қан препараттары мен компоненттерін және дәрілік заттарын тамыр ішіне бір реттік системалармен құюды қамтамасыз етеді, қанның топтық және резус – тиістілігін анықтауға арналған сарсуларымен қан компоненттерінің, инфузиялық және трансфузиялық заттардың дұрыс тағайындалуына, есептелуіне және қолданылуына бақылау жүргізеді, науқастарды HbAg және ЖҚТҚ жұқпасына уақытылы емделуін қамтамасыз етеді; қан препараттарын және донорлықты қолдану бойынша ұйымдастырушылық - әдістемелік жұмыстарын жүргізеді;

• Медициналық статистика кабинеті статистикалық ақпараттарды жинаумен және емхана бойынша науқастарды есептеу және жинақталған ақпаратты компьютерлік өңдеуден өткізумен айналысады;

• Тамақтану блогы аурухана науқастарын емдік және емдәм тағамдарымен қамтамасыз етеді;

• Жедел бөлімі барлық клиникалық және параклиникалық бөлімше жұмыстарының арақатынасымен және үйлесімділігімен ішкі және сыртқы кеңесшілерімен, аурухана ішіндегі ақпаратты жинаумен және берумен айналысады, автокөлік жұмысына бақылауды қамтамасыз етеді.