Call-орталығы сапа мәселелерін, көрсетілген
қызметтерді, шағымдар мен ұсыныстарды қарайды
Сұрақ-жауап

Құрметті сайтқа енуші!
Сіз ШЖҚ«Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы» ММК сайтына еніп отырсыз. Бұл жерде аурухана әкімшілігіне тікелей сұрақ қоя аласыз.
Сұрағыңызға жедел түрде жауап алу үшін оның мазмұнын қысқаша әрі нақты жазуыңызды өтінеміз. Сауалыңызды жеткізбес бұрын блогтағы материалдармен мұқият танысып шығыңыз. Өйткені оның жауабын жазылған материалдардың ішінен табуыңыз әбден мүмкін.
Қызметті толық пайдалану үшін ондағы КЕЛІСІМДІ қабылдауыңыз қажет.
Қатысу келісімі
Сізге төмендегі ұяшықтарды толтырып, сұрақ қоюға мүмкіндік беріліп отыр:

* аты-жөніңіз (сұрақ авторы)
* жеке e-мail
* сұрақ мәтіні
Сұрақ жіберілген соң оның ағымдағы жай-күйін көресіз.
Сұрақтар қарастырылмайды:

• Анонимді, кейбір жағдайларды ескермегенде
• Сұрақ мәдениетті әрі нақты болғаны жөн
• Оқылмайтын мәтіннен тұратын және түсініксіз қысқартулары бар
• Жолданатын сұрақ мазмұны блог авторының кәсіби қызметіне қатысы болмаса
• Факті бойынша сұрақ республиканың басқа медициналық мекемелеріне, сонымен қатар Респуликалық ҒЗИ, ҒО қатысты болмауы керек
• Шағымданушы автор өзінің электрондық поштасын (e - mail) және телефонын міндетті түрде көрсетуі тиіс.
Хат этика және дұрыс жазу ережелерінің нормасына сәйкес өзгертілуі және тек содан кейін ғана жариялануы мүмкін. Сайт ережелері сақталмаған жағдайда, әкімшілік Сіздің сұрағыңызға жауап бермей, мәліметтер базасынан алып тастауға құқылы.

Закон РК О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц

Contact form submitted!
We will be in touch soon.
Өмірбаян

Смағұлов Әлібек Мұхамеджанұлы 1994 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген.
2001 жылы «Тұран» университеті «Құқықтану» факультетін бітіріп, «заңгер» біліктілігін алды.
2010 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
2013 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебін «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша PhD дәрежесімен бітірді.
2019 жылы Мәскеу қаласы (РФ) «City Business School» мектебін «Іскерлік әкімшілендіру мастері. Интенсив. Стратегия» мамандығы бойынша «Master of Business Administration» (MBA). біліктілігімен бітірді.
1994-2004 жылдары Алматы қаласы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында жұмыс істеді. Хирургиялық инфекциялар бөлімшесінің меңгерушісі, 1-хирургиялық бөлімшенің меңгерушісі болды.
2004-2006 жылдары Алматы қалалық онкологиялық диспансерде бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болды.
2006-2008 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының Өскемен қаласы бойынша бөлімінің емдеу ісі жөніндегі бас маманы қызметін атқарды.
2008-2022 жылдар аралығында Алматы қаласы ШЖҚ «№4 қалалық клиникалық аурухана» КМК-да жұмыс істеді. Қабылдау бөліміндегі хирургтан бастап, кәсіби өсудің түрлі кезеңін бастан өткерді - жауапты хирург, хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары.
Еңбек еткен жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2 төсбелгісімен марапатталған.
2012 жылы «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.
2018 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен қолға алынған жоба аясында «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» қатарына енді.