Жасөспірім қоршаудан асып өтпек болғанда оның аяғын темір тесіп кетіп, 20 сантиметрлік істікке ілініп қалған. Алматы қалалық балаларға арналған жедел медициналық көмек орталығының хирургтері баланы аман алып қалды.
Жедел жәрдем бригадасы баланы шамамен кешкі 21.00-ге қарай Алматы қалалық балаларға арналған жедел медициналық көмек орталығының шұғыл хирургия бөліміне жеткізді. Темір істік баланың оң жамбасын жарақаттаған. Ата-анасының айтуынша, жасөспірім көрші ауланың қоршауынан өтпек болғанда, істік аяғына кіріп кетіп, басымен төмен қарай ілініп қалған.
«Қабылдау бөлімінде хирург, травматолог және анестезиолог шұғыл тексеріп, емханаға жатқызылды. Ота жасау тактикасы анықталды. Хирургтардың алдынжа аяқтан бөгде денені алып тастау ғана емес, сонымен қатар, маңызды тамырларды зақымданудан қорғау міндеті тұрды. Олар өте мұқият әрекет етіп, істікті алып шықты. Біз міндетімізді орындадық деп санаймыз. Отадан кейінгі бірінші тәулікте науқас өзін жақсы сезінеді. Жағдайы қанағаттанарлық. Жақын арада бала өз еркімен мектепке барады деп ойлаймын», — деп атап өтті Алматы қалалық балаларға арналған жедел медициналық көмек орталығының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мейржан Курманалиев.
Ота жасау бригадасы: хирург — Байдуллаев Нұрболат Беркинбайұлы, Нұров Аділжан Арипжанұлы, травматолог — Толаметов Фаррух Назармативич және анестезиолог — Алияхметов Жанат Муратулы.
10 жасар баланың аяғына темір істік кіріп кетті