Тәсіл: пациенттің мүддесін, сенімін және оған көрсетілетін қамқорлықты негізге алу.

🎯 Мақсат — асқынулар кезінде үлкен қаржылық шығындардан қорғау.

Біздің міндетіміз — пациенттің жағдайы нашарлаған сәтте емес, алдын ала МӘМС-тің артықшылықтарын түсінуге көмектесу.

Кейс: 1 типті қант диабеті

Дәрілік заттардың минималды пакеті (айына)

💊

  • ұзартылған инсулин — 20 000 тг;

  • болюс инсулині — 25 000 тг;

  • сынақ жолақтары (3 қапт.) — 10 500 тг;

  • кетон жолақтары — 2 500 тг;

  • инелер — 6 000 тг.

Жылына барлығы: 878 649 теңге.

Медициналық қызметтердің минималды пакеті (жылына)

📋

  • эндокринологтың тексеруі — 4 067 тг;

  • HbA1c (2 рет) — 3 172 тг;

  • креатинин + GFR (2 рет) — 170 тг;

  • LDL (2 рет) — 1 340 тг;

  • несеп креатинині — 322 тг;

  • микроальбумин — 393 тг;

  • офтальмоскопия — 745 тг.

Медициналық қызметтер: +10 059 тг
Жалпы шығын: 888 708 тг

🟢 Ал МӘМС жарналары:

  • 51 000 тг / жыл

  • 4 250 тг / ай
    (12 айға дербес төлеуші ретінде)

МӘМС жарналары мен аударымдары (2026 жыл)

📊

  • жұмыс берушінің аударымдары — қызметкер табысының 3%;

  • қызметкерлердің жарналары — 2%;

  • ЖК және жеке практикамен айналысатын тұлғалар — 1,4 ЕТЖ-дан 5%;

  • ЖТ қызметкерлерінің жарналары — табыстың 2%;

  • дербес төлеушілердің жарналары — 1 ЕТЖ-дан 5%.


Егер МӘМС бойынша қызмет алмаса, пайдаланылмаған ақшаны қайтаруға бола ма?

❌ МӘМС-ке төленген жарналарды қайтару немесе басқа адамға аудару мүмкін емес.

🏦 Барлық жарналар Ұлттық банк шотына түсіп, сол жерден барлық сақтандырылған азаматтардың медициналық қызметтерін төлеуге бағытталады.

⚖️ Жүйенің негізгі қағидаты — әлеуметтік әділеттілік:

  • жарна мөлшеріне және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан;

  • барлық сақтандырылған азаматтарға;

  • медициналық қызметтердің бірыңғай пакетіне тең қолжетімділік беріледі.

Бұл пациентке медициналық көмек көлемінде шектеу қоймауға мүмкіндік береді.

 
Динамикалық бақылауда тұрған пациенттерді МӘМС жүйесіне тарту алгоритмі