Бүгін Балалар жедел жәрдемінде ерекше көңілді болды.
Алматы қаласы күніне орай біз Ашық есік күнін өткіздік — дәрігерлер балаларды алдын ала жазылусыз қабылдады.
📊 Нәтиже: бір күнде 174 кеңес беру мен қаралу өтті!
Травматологтар, нейрохирургтар, урологтар, офтальмологтар, ревматологтар және басқа да мамандар кішкентай науқастарға көмек көрсетті.
Дәрігерлерге жанқиярлық еңбегі үшін алғыс, ал ата-аналарға сенімі үшін рақмет!
Мұндай шаралар – біздің жақсы дәстүрімізге айналды
Ашық есік күні