Боксты хирургия бөлімшесі аурухананың құрылған сәтінен бастап қызмет атқарады.
Бөлімнің бағыты жұқпалы аурумен шұғыл жағдайда келіп түскен хирургиялық патологиясы бар науқастарға арналған. Сонымен қатар, бөлімше Алматы қаласының және Алматы облысының балалар токсикологиялық орталығы болып табылады, мұнда дәрілік өнімдермен, улы және химиялық заттермен уланған науқас балалар жатқызылады.