2025 жылдың 18 сәуірінде Алматыда неонатологияның өзекті мәселелеріне арналған Перинатология және балалар кардиохирургиясы жөніндегі халықаралық конференцияның үшінші күні өтті. Іс-шара спикерлерінің қатарында дәрігер-хирург, Алматы қаласының балалар жедел жәрдем орталығының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мейіржан Құрманалиев сөз сөйледі.
Пленарлық сессия аясында ол «Асқазан-ішек жолдарының туа біткен даму кемістігі кезінде ауруханаға дейінгі және госпитальдық кезеңде шұғыл хирургиялық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру. Өңеш атрезиясы» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама конференцияға қатысушылар арасында қызығушылық тудырып, туа біткен ақаулары бар жаңа туған нәрестелерге шұғыл көмек көрсету мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға маңызды үлес болды.
Конференция Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның жетекші мамандарын жинаған өңірдің неонатологиялық қызметін дамытатын және диалог үшін тиімді алаңға айналды.