Алматы қаласының перзентханарынан түсетін туа біткен ақаулары бар және басқа да хирургиялық патологиясы бар нәрестелерге, жоғары дәрежелі отаға дейін және отадан кейін үстемелі ем көрсету үшін, Алматы қ. ДСБ № 28 бұйрығына сәйкес 01.04.2010 ж. Неонатология бағытындағы қарқынды терапия палаталары бар реанимация бөлімшесі ашылды.

Қазіргі таңда бөлімшеде 8 реанимациялық және 2 хирургиялық төсектер орналастырылған. Бөлімшеде туа біткен ақауларға байланысты (орталық нерв жүйесінің ақаулары (жұлын ми жарығы, рахишизис, гидроцефалия), асқазан-ішек жолдарының ақаулары(өңеш, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек атрезиялары), көк ет жарығы, алдынғы іш қабырғасы ақаулары (гастрошизис, омфалоцеле), мойын, сегіз көз-құйымшақ аймақтарының тератомалары , және т.б.) күрделі реконструктивті-пластикалық оталар жасалады.

Бөлімшеде ургенттік консультативтік-көлік қызметі ұйымдастырылған. ШЖҚ "Жедел медициналық жәрдем станциясы" МКК неонаталдық бригадасымен бірлесіп тәулік бойы консультациялық-реанимациялық көмекті және босандыру мекемелерінен жаңа туған нәрестелерді тасымалдауды жүзеге асырады. Психо-эмоционалды қолдау көрсете отырып, жаңа туған нәрестелердің аналарымен және туыстарымен санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізіледі.

Бөлімше дәрігерлері: Сексенбаева А.А., Джанабергенова Г.А., Сайдакбаров Е.А., Сатыбалды З.Т., Жұмабай С.М және Ибатолла Б.Н.
Алсейтов Улықпан Болатбекұлы - Бөлімшенің меңгерушісі Жоғары санаттағы дәрігер
ХИРУРГИЯЛЫҚ ТӨСЕКТЕРІ БАР НЕОНАТАЛОГИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ РЕАНИМАЦИЯ БӨЛІМШЕ