Іріңді және торакальды хирургия бөлімшесі аурухана құрылған күннен бастап жұмыс жасайды. Бөлімше 30 төсекпен қамтылған. Бөлімшеде кеуде және іш қуысы мүшелерінің туа біткен даму ақаулары (соның ішінде асқазан-ішек жолдары) және жүре пайда болған ауруларын, кеуде қуысының туа біткен деформациялары, өңештің химиялық күйіктері және олардың салдары бар балаларға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған хирургиялық көмек (ЖМХК) көрсетіледі.
Сонымен қатар, бөлімшеде жұмсақ тіндердің, сүйектердің және ішкі ағзалардың іріңді-қабыну аурулары бар балалар ем алады.
Орталық С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің балалар хирургиясы кафедрасының клиникалық базасы болып табылады, бөлімшеге профессор м.ғ.к. К.Т. Тұрсынов жетекшілік етеді.
Орталық ең заманауи диагностикалық жабдықтармен (ультрадыбыстық аппараттар, фиброэндоскопиялық және лапараскопиялық тіректер, КТ, МРТ, заманауи кешен – рентгенооптикалық түрлендіргіш) жабдықталған, бұл кеуде қуысы мен іш қуысы ауруларының ең күрделі түрлерінде де жоғары дәлдіктегі диагностика жүргізуге мүмкіндік береді.
Бөлімше дәрігерлері: жоғары санатты дәрігер Куниязов Ж.К. және м.ғ.к. Сулейманова С.Б.
Мырзахмет Саматбек Абдыманапулы - Бөлімшенің меңгерушісі Жоғарғы санатты балалар хирургы
ІРІҢДІ ЖӘНЕ ТОРАКАЛДЫ ХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІ