Көпсалалы соматикалық бөлімше 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап жұмыс істейді, бөлімше 30 орынға арналған. Бөлімшеде Алматы қаласындағы және Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы балаларға мамандандырылған шұғыл және жоспарлы көмек көрсетіледі.

Бөлімшенің негізгі клиникалық бағыттары:
• Неврология – тырысу синдромы, церебральды сал ауруларын, жарақаттан кейінгі Орталық жүйке жуйесінің зақымдануының салдарын, нейроинфекциялардың салдарынан, қан тамырлары зақымдануынан, бас ауруы және бас айналумен жүретін вегетативті дисфункцияларды тексеру және емдеу.
• Ревматология – буындардың әртүрлі патологиялары бар балаларды тексеру және емдеу (реактивті артрит, ювенильді ревматоидты артрит және т.б.).
• Аллергология – аллергияның терідегі көріністері, анафилактикалық шок, ангионевротикалық ісіну, бронх демікпесі бар балаларды емдеу. Медициналық қызметкерлердің жоғары кәсіби деңгейі, диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін қолданып, әр науқасқа жеке көзқарас пен жеке емдеуді қамтамасыз етеді.
Бөлім дәрігерлері: дәрігер невропатолог Курманбаева Н.Н. және Хашимова П.М.,Акимбай Б.М, аллерголог Ахметова Л.М. және ревматолог Бисембекова М,К, және Каирбек О.Қ.
Кайпназарова Шолпан Калбаевна - Бөлімшенің меңгерушісі, Біліктілігі жоғары санатты дәрігер
КӨПСАЛАЛЫ СОМАТИКАЛЫҚ БӨЛІМШЕ