Өкінішке қарай, пациенттер мен олардың туыстары тарапынан жасалатын зорлық-зомбылық жиілеп барады. Бұл мүлде жол берілмейтін жағдай және қатаң құқықтық жауапты талап етеді. Енді мұндай қылмыстар құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жасалған қол сұғушылықтармен теңестірілді.

Қазақстан Республикасының Президенті медициналық қызметкерлердің денсаулығы мен әл-ауқатына зиян келтіретін мұндай оқиғалар «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасының қағидаттарына сәйкес құқықтық алаңда қатаң түрде тоқтатылуы тиіс екенін ерекше атап өтті.

 

Төмендегі нормаларға сәйкес:

  • зорлық-зомбылық жасағаны үшін 200-ден 500 АЕК-ке дейін айыппұл, не сол мөлшерде түзету жұмыстары, не 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы көзделген;

— өмірі мен денсаулығына қауіпті емес зорлық-зомбылық жасалған жағдайда 500-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл, не сол мөлшерде түзету жұмыстары, не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы көзделген;

— өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылық жасағаны үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, ал одан ауыр жағдайлар орын алғанда 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығына айырылады.

Шабуыл жасалған медициналық қызметкерлерге арналған ұсыныстар:

  1. Оқиғаны тіркеу:Дереу басшылыққа хабарлау, полицияны шақыру (102), жарақаттарды жарақат пункттеріне барып тіркеу, куәгерлер табу.
  2. Құжаттарды рәсімдеу:Құқық қорғау органдарының өтінішті жаңа, қатаң бап бойынша қабылдағанына көз жеткізу, әрекеттерді қызметтік міндеттерді орындау кезінде жасалған шабуыл ретінде саралауды талап ету.
  3. Құқықтық қолдау:Медициналық ұйымның немесе денсаулық сақтау басқармасының заң қызметтерінен көмек сұрау.

 

Медициналық қызметкерлердің құқықтық қорғалуын күшейту үшін медицина қызметкерлеріне қатысты физикалық күш қолданғаны немесе қатыгездік көрсеткені үшін жазаны қатаңдатуға бағытталған Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойылды.