Надиров Куанышбек Надирович — балалар хирургі

 8 сәуір күні біздің сыйлы әріптесіміз әрі тәлімгеріміз өзінің 75 жас мерейтойын атап өтті. Оның қоржынында жарты ғасырдан астам үздіксіз еңбек пен жүзден аса аман алып қалған балалардың өмірі бар.

Куанышбек Надирович — тәні де рухы да мықты адам. Жас кезінде боксқа қатты әуес болған және әлі де шымыр күйін жоғалтпаған. Бүгін ол — әлі де ақ халатты абзал жан. Әлі де Алматының Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығында, клиникалық бөлімше меңгерушісі қызметін атқарады.

Куанышбек Надировичтің еңбек жолы — кәсібіне деген адалдықтың жарқын үлгісі. Ол тек саланың ардагері ғана емес, сонымен қатар, еңбек кітапшасында жалғыз ғана жазбасы бар адам. Себебі, ол бүкіл өмірі мен мансабын балаларға шұғыл көмек көрсетуге арнады.

Қалыптасу және даму жылдарында клиника атауы мен құрылымын бірнеше рет өзгертсе де, Қуанышбек Надирович сияқты жанқияр мамандар әрқашан оның өзегі мен жаны болып қала берді.

 Қымбатты Куанышбек Надирович!

 Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізге зор денсаулық, ұзақ ғүмыр, отбасыңызға амандық, рухани жылулық және әр күніңізге қуаныш тілейміз. Жақындарыңыз әрдайым жаныңызда болсын. Әріптестерініздің ортасындағы абыройыңыз арта берсін, пациенттеріңіздің алғысына бөлене беріңіз.

БІЗ СІЗДІҢ ЖАНЫҢЫЗДА жұмыс істеу құрметіне ие екенімізбен мақтанамыз!

 Құрметпен,

Сіздің әріптестеріңіз бен шәкірттеріңіз.

Надиров Куанышбек Надирович — балалар хирургі  8 сәуір күні біздің сыйлы әріптесіміз әрі тәлімгеріміз өзінің 75 жас мерейтойын атап өтті. Оның қоржынында жарты ғасырдан астам үздіксіз еңбек пен жүзден аса аман алып қалған балалардың өмірі бар.