Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі (бұдан әрі – Қызмет) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-1V Кодексі, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350 Заңы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 230 ҚР ДСМ-230 «Медициналық қызметтердің сапасына ішкі және сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және өткізу қағидалары» бұйрығы негізінде сапалы медициналық көмек көрсету, пациенттердің құқықтарын қорғау және оларға қолдау көрсету мақсатында құрылды.
Пациенттерді қолдау қызметі мен ішкі сараптаманың мақсаты — проблемалық мәселелерді анықтау және медициналық көмектің сапасын одан әрі арттыру.
Сіз пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне хабарласа аласыз:
1. медициналық көмектің сапасы сұрақтары туралы;
2. медициналық қызметкерлердің этика және деонтология нормаларын бұзу мәселелері бойынша;
3. медициналық қызметкерлердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақшалай қаражатты қорқытып алу фактілері бойынша;
4. медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына қатысты басқа да проблемалық мәселелер бойынша.
Сіз құқылысыз:
– өтініш жазып, оны Орталықтың әр қабатында орналасқан «Азаматтардың өтінішіне арналған» ұяшығына салуға;
– өтініш жазып, бас дәрігердің кабинетіне қалдыруға, кабинеттің нөмірі- №201;
– өтініш жазып, оны пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне, Орталықтың 4-кіребересіне қалдыруға;
– өтініш жазып, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Манас көшесі, 40 үй, пошталық индекс 050040 пошталық мекенжайына жіберуге;
– өтініш жазып, dgkb1_s@mail.ru электронды поштасына жіберуге;
– телефон арқылы қоңырау шалуға: +7 (700) 401-61-32.