Травматология бөлімшесі аурухананың құрылу күнінен бастап қызмет атқарады.
Бөлімшеде әр түрлі жарақатпен келіп түсетін Алматы қаласының және Қазақстан Республикасының барлық аудандарының бала тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетіледі. Емнің жоғары технологиялық әдістері, Илизаровтың аппаратты коррекция әдістері, саусақ бастарының деформациясын жою мен қысқарту, туа біткен ортопедия патологиясы мен жарақат нәтижесіндегі науқастарды сауықтыру қолданылады. Сонымен қатар, травматология бөлімшесі травматологиялық және ортопедиялық патология жағдайында жоғары мамандандырылған көмек көрсетуге мемлекеттік тапсырыс алды.
Бөлімшеде клиникалық база негізінде ҚазМҮББУ-нің балалар неонатологиялық хирургиясы кафедрасының қызметкерлері жұмыс жасайды, кафедра меңгерушісі, профессор, медицина ғылымының кандидаты, жоғары санаттағы дәрігер А.У.Умешов.
Кожаханов Бахыткали Карлулы - Бөлімше меңгерушісі Жоғары санаттағы дәрігер
ТРАВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ