Call-орталығы сапа мәселелерін, көрсетілген
қызметтерді, шағымдар мен ұсыныстарды қарайды

Жаңалықтар


Аттан құлаған сегіз жасар баланы Алматы қаласы және облыс дәрігерлері аман алып қалды 3 сәуір 2024

Хамит өткен жылдың қараша айында Алматы облысында атқа мініп қыдырғанда құлаған. Содан төрт ай бойы қайта-қайта өмір мен өлім аузында болған.



Бала кездегі тізе жарақаты енді мазаламайды 29 ақпан 2024

Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының дәрігерлері балаларда тізе жарақаты болғанда артроскопия әдісін қолданады. Бұл толық қалпына келтіруге мүмкіндік беретін шағын инвазивті ота түрі.



Алматылық нейрохирургтер омыртқасы сынған жасөспірімді мүгедектіктен аман алып қалды 22 ақпан 2024

14 жастағы науқас Алматы қаласы Балалар жедел медициналық көмек көрсету орталығына (БЖМККО) құлау салдарынан алған омыртқа жарақатымен түсті.



Жеткізіп үлгермеді, бірақ сақтап қалды: тұншығып жатқан екі жасар баланы Алматы екі ауруханасының дәрігерлері аман алып қалды 16 ақпан 2024

Алматы қаласы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының (БШМККО) реанимациялық бригадасы екі жасар балаға өзі барды. Қарбалас уақытта жедел жәрдем бригадасы тұншығу ұстамасы ұстап қалған баланы балалар ауруханасына алып бара жатқан. Сәбидің жағдайы нашарлай бастағанда дәрігерлер уақытты босқа өткізбей, жақын маңдағы Қазыбек би көшесіндегі Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына (ҚЖШККА) апаруды ұйғарды.



Педиатрияның алтын діңгегі 12 ақпан 2024

Кейбір сәбилер үшін анасының құрсағына біткен сәттен бастап жарық дүниеге келгенше күрес басталады. Дүниеге шыр етіп келген шараналардың өмірі қыл үстінде тұратын кездер аз емес. Осындай күрделі сәт туғанда Алматы қалалық Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының педиатрлары жанкештілікпен сәбилердің өмірі үшін арпалысып жатады.



Жаңа туған нәрестеге үшінші күні ота жасалып, туа біткен ісігі жойылды 27 қазан 2023

Алматы қаласы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының дәрігерлері туа біткен ақауы бар балаға ота жасады, сәбиде құрсақта жатқанда құйымшақ негізінде ісік пайда болған.




Балалар шұғыл медициналық межициналық жәрдем орталығының хирург дәрігері Қурманалиев Мейіржан Бекетұлы Қазақстандық Дәрігерлер Орталық Азия Балалар Хирургтарының Ii Съезіне қатысты 20 қыркүйек 2023

Қырғызстанда ТМД елдері педиатрларының «Бала және қоғам: денсаулық, даму және тамақтану» X мерейтойлық конгресі және Орталық Азия балалар хирургтарының II съезі өтті, онда қазақстандық дәрігерлер балалар қызметін дамытудағы оң тәжірибелерімен бөлісті.


10 жасар баланың аяғына темір істік кіріп кетті 4 қыркүйек 2023

Жасөспірім қоршаудан асып өтпек болғанда оның аяғын темір тесіп кетіп, 20 сантиметрлік істікке ілініп қалған. Алматы қалалық балаларға арналған жедел медициналық көмек орталығының хирургтері баланы аман алып қалды.



Дәл осы күні Алматыдағы Балалардың жедел медициналық жәрдем көрсету орталығында екі жасқа толмаған екі бала батареяны жұтып,құтқарылды 26 шілде 2023

Кішкентай науқастардың денесінде бір айдан астам қауіпті заттар болғанына қарамастан, дәрігерлер оларды хирургиялық араласусыз алып тастаған.




Балалардың шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына күнге күйген 5 адам жүгінген 20 шілде 2023

Балалардың шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына күнге күйген 5 адам жүгінген 3 бала ауруханада ем алды. Екеуі жедел жәрдем бөлімшесінің жағдайында көмек алды, олар амбулаторлық емделуге жіберілді.



Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында алғаш рет трахея мен көмей стенозы бар балаларға ота жасалды 6 маусым 2023

Хирургиялық араласулар м.ғ.д., РҒА корреспондент-мүшесі, Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, Ресей балалар хирургтары қауымдастығының президенті Александр Разумовскийдің қатысуымен жүргізілді



Медбике қызметін 10 мыңнан астам күн атқарып келеді 3 мамыр 2023

Уркумбаева Сәуле Ақынқызы – Алматы қаласы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының бас медбикесі