Казахстан, Алматы қаласы, Манаса көшесі,40
Перечень услуг, оказываемых в ГКП на ПХВ "Центр детской неотложной медицинской помощи"

Физиотерапия бөлімшесі Ретаева Динара Турсунбаевна


Ретаева Динара Турсунбаевна
Бөлімшенің меңгерушісі

Физиотерапия бөлімшесі аурухананың құрылған күнінен бастап қызмет атқарады. Бөлімшеде физиоемнің келесі түрлері көрсетіледі: электро-,түсті-, жылу-, ультрадыбыстық ем, электростимуляция, дорсонваль, ингаляция, емдік массаж и ЕДШ. Бөлімше заманауи құралдармен жабдықталған, ал физиотерапия әдістері үнемі жетілдіріліп отырады, бұл балаларға медициналық көмек сапасын жоғарылатуға және емге жатқызу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.







Сәулелі диагностики бөлімшесіКим Анна Романовна


Ким Анна Романовна
Бөлімшенің меңгерушісі
Жоғары санаттағы дәрігер

Сәулелі диагностика бөлімшесі 4 рентген кабинеттен құралған: ультрадыбыстық диагностика, компьютерлік томография және магнитті-резонансты томография кабинеті.
Сәулелі диагностика бөлімшесінде келесі зерттеулер жүргізіледі:

• Компьютерлік томография
- бас миы, орбиталары
- самай сүйектерінің пирамидасы
- мұрынның қосалқы қуысы
- омыртқа (сегмент бойынша)
- көкірек
- құрсақ қуысы
- жамбас
- саусақ бармақтары

• Магнитті-резонансты томография (1,5 балталы құрылғы, науқастың салмағы 150 кг-ға дейін )
- бас миы
- құрсақ қуысы ағзаларының мүшесі және қуыс кеңістігі
- жамбас мүшелері
- сүйек-буын жүйесі
- тамыр режиміндегі бас ми
- құрсақ қуысы мүшелері, контрастілік жамбас мүшелері

• Рентгенография
- қаңқа бөлшектері
- мұрынның қосалқы қуысы, орбитасы
- самай сүйектері Шуллер-Майер бойынша
- түркі ері
- көкірек қуысы
- Левин бойынша гастрография
- контрастирлеу арқылы ішек- қарын жолдарын зерттеу
• УДЗ
Шұғыл травматологиялық патологиясы бар және жедел жағдайдағы науқастарды зерттеу тегін.
Компьютерлік томографияға және магнитті-резонансты томографияға қабылдау күнделікті, жаызлу бойынша, сағат 08.00-ден басталады. Өзге аймақтардағы, қала шетіндегі балаларға жоспарлы тәртіпте, 15 жастан, ересектерге – ақылы түрде



Кеңестік – диагностикалық бөлімше Кайдарова Айнур Алмасовна


Кайдарова Айнур Алмасовна
Бөлімшенің меңгерушісі

Ақылы қызмет кеңестік – диагностика бөлімшесі 2002 жылдан бастап қызмет атқарады.
Ақылы түрде медициналық көмек көрсету қала шеті аймағындағы балаларға қарастырылған, Алматы қаласының тұрғындарына өз еркімен.
Ақылы бөлімшенің құрылу мақстаы болып – тұрғындардың медициналық көмек түрлерін алу қажеттілігі, келушілердің денсаулық сақтау маманын немесе субъектісін еркін таңдау ғана емес, сонымен қатар жұмыс орнына, тұрғылықты жеріне қарамастан, кәсіпорындар мен ұйымдармен медициналық көмек түріне келісім-шарт жасасу табылады. Ақылы көмек қызметі кеңестік-диагностикалық қызметті жоғары деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бөлімшеде жоғарымамандандырылған және тәжірибелі мамандар, жоғары санаттағы дәрігерлер, медицина ғылымының кандидаттары қызмет атқарады:

Бөлімше келесі қызмет түрлерін көрсетеді:
• Клиникалық – диагностикалық және бактериологиялық зертханалық зерттеулер,
• Рентген диагностикасы,
• Диагностикалық зерттеулер (УДЗ, КТ, МРТ),
• Функционалды диагностика (ЭЭГ, ЭКГ),
• Эндоскопиялық қызметтер (ФГДС),
• Физиотерапиялық қызметтер.

Науқастарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша мына телефон арқылы жүзеге асырылады: 274-86-71
Бағалар баға тізбесіне сәйкес
Жұмыс кестесі: 8.00 ден 17.00-ге дейін (дс – жм)

ШЖҚ «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы» МКК Кеңестік – диагностикалық қызмет көрсетуі
Маман Қабылдау уақыты Маманның аты-жөні, тегі Дәрігер санаты
Нейрохирург Алдын ала жазылу бойынша Дьяченко Николай Алексеевич Жоғары санаттағы дәрігер, медицина ғылымының кандидаты
Ортопед травматолог Алдын ала жазылу бойынша Сукбаев Дархан Доктырханович Жоғары санаттағы дәрігер, медицина ғылымының кандидаты
Ортопед хирург Алдын ала жазылу бойынша Касымжанова Халича Вангаровна Жоғары санаттағы дәрігер
Хирург 10.00 ден 13.00-ге дейін кезек бойынша (дс– жм) Рузуддинов Динмухамед Бексаутович Жоғары санаттағы дәрігер
Невропатолог 10.00 ден 12.00-ге дейін кезек бойынша (дс– жм) Курманбаева Нурия Нуридиновна Пушкарев Константин Андреевич Жоғары санаттағы дәрігер Дәрігер
Офтальмолог 11.00 ден 13.00-ге дейін кезек бойынша (дс– жм) Жаксымуратова Куралай Закировна Дәрігер
Отоларинголог 10.00 ден 13.00-ге дейін кезек бойынша (дс– жм) Каракетова Наталья Магамедовна Жоғары санаттағы дәрігер
Комбустиолог 16.00 ден 17.00-ге дейін кезек бойынша (жұма) Джумадильдаев Раджа Сарсенбаевич Жоғары санаттағы дәрігер, медицина ғылымының кандидаты
Қан тамырларының хирургы Хирург неонатолог 16.00 ден 17.00-ге дейін кезек бойынша (сәрсенбі) Мырзахмет Самат Абдуманапович Жоғары санаттағы дәрігер
Физиотерапевт 15.00 ден 16.00-ге дейін кезек бойынша (сәрсенбі) Ретаева Динара Турсынбаевна Дәрігер
ЭКГ ЭЭГ 11.00 ден 13.00-ге дейін дейін кезек бойынша (дс– жм) Баекеева Сауле Акимбековна 1-ші санаттағы дәрігер
УДЗ 10.00 ден 14.00-ге дейін кезек бойынша (дс– жм) Баймахан Көркем Есейқызы 2-ші санаттағы дәрігер
Рентген 13.00 ден 14.30-ға дейін кезек бойынша (дс– жм) Ким Анна Романовна Жоғары санаттағы дәрігер
МРТ Тел. 225-71-28 жазылу бойынша (дс– жм) Таубекова Назигуль Серикболовна Кан Андрей Игорьевич Дәрігер Дәрігер
КТ 10.00 ден 16.00-ге дейін кезек бойынша (дс– жм) Тулеков Мейржан Хашмуратович Дәрігер
Зертхана 9.00 ден 11.00-ге дейін кезек бойынша (дс– жм) Калкабаева Гульжан Сайлауовна Дей Флора Алексеевна 1-ші санаттағы дәрігер
Физио, массаж 12.00 ден 13.00-ге дейін кезек бойынша (дс– жм) Абдикаримова Бахыт Алиакпаровна Жоғары санаттағы дәрігер



ЗертханаКалкабаева Гульжан Сайлауовна


Калкабаева Гульжан Сайлауовна
Бөлімшенің меңгерушісі

Зертхана 3 құрылымдық бөлімшелерден тұрады: клиническалық, биохимиялық және бактериологиялық. Бактериологиялық анализдерді жинау тәулік бойы жүзеге асырылады