Іс-шара аясында қала тұрғындары алдын ала жазылмай-ақ бейінді мамандардың қабылдауына тегін қаралды. Қабылдау кезек тәртібімен жүргізілді.

Ашық есік күні орталық дәрігерлері 142 баланы қабылдады. Оларға проктолог, хирург, уролог, травматолог, травматолог-ортопед, комбустиолог, нейрохирург, невропатолог, аллерголог, ревматолог, жақ-бет хирургі, оториноларинголог және офтальмолог кеңес берді.

Іс-шараның мақсаты — балаларға көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімдігін арттыру, аурудың алдын алып, оны ерте анықтауға ықпал ету және өскелең ұрпақтың саулығын нығайту.

Орталық мамандары мұндай алдын алу шаралары ата-анаға салалық мамандардың кеңесін дер кезінде алуға мүмкіндік беріп, бала денсаулығына мұқият қарауға жол ашатынын атап өтті.

Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ашық есік күні өтті.