Іс-шара аясында қала тұрғындары алдын ала жазылмай-ақ бейінді мамандардың қабылдауына тегін қаралды. Қабылдау кезек тәртібімен жүргізілді.
Ашық есік күні орталық дәрігерлері 142 баланы қабылдады. Оларға проктолог, хирург, уролог, травматолог, травматолог-ортопед, комбустиолог, нейрохирург, невропатолог, аллерголог, ревматолог, жақ-бет хирургі, оториноларинголог және офтальмолог кеңес берді.
Іс-шараның мақсаты — балаларға көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімдігін арттыру, аурудың алдын алып, оны ерте анықтауға ықпал ету және өскелең ұрпақтың саулығын нығайту.
Орталық мамандары мұндай алдын алу шаралары ата-анаға салалық мамандардың кеңесін дер кезінде алуға мүмкіндік беріп, бала денсаулығына мұқият қарауға жол ашатынын атап өтті.



