Алматы қалалық Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының дәрігері 2026 жылғы 9–10 сәуір күндері Астана қаласында өткен «Пәнаралық неврология: мәселелері мен шешу жолдары» атты халықаралық қатысумен II Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Конференция аясында «Жасөспірімдегі паранеопластикалық анти-NMDA энцефалиті мен COVID-19–бен байланысты гиперқабыну синдромының сирек үйлесуі» тақырыбында постерлік баяндама ұсынылды. Аталған жұмыс «Жас ғалым» байқауына қатысып, қорытындысы бойынша III орынға ие болды.

Зерттеу авторлары: екінші санатты балалар неврологы Хашимова Потма Махаматжановна, жоғары санатты балалар неврологы Курманбаева Н.Н., жоғары санатты педиатр Кайпназарова Ш.К.
Ғылыми жетекшісі — С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүйке аурулары кафедрасының профессоры Идрисова Ж.Р.