Жеңіс күні қарсаңында Алматы қаласының Балалар шұғыл медициналық жәрдем көрсету орталығының қызметкерлері майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін, жауынгер жұбайларын арнайы құттықтап, үйлеріне барып қайтты.

Әр кездесуден кейін жүректе ерекше толқу қалады. Олармен жүздесу — өткенмен тілдескенмен бірдей. Көздерінде — мың алғыс, сөздерінде — ұмытылмас естеліктер, ал үнсіздігінде — терең мағына жатыр.

Біз көрсеткен кішкене қамқорлық — олардың орасан ерлігіне деген шексіз ризашылықтың бір көрінісі ғана. Өткенге тағзым ету — болашаққа жол ашу. Осындай шараларды жылына бірнеше рет ұйымдастыру — біздің парызымыз әрі жүрек қалауы.