+7 (727) 274-80-01
Казахстан, Алматы қаласы, Манаса көшесі,40

Аурухана туралы

Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын 1965 жылдан бастап №1 балалар ауруханасының қосылуы негізінде қызмет етуде, оның құрамында 800 төсек-орын емхана, 4 балалар емханасы болған. Тұрғындарға медициналық көмектің жетімді болу мақсатында балалар емханасы аймақтық емханаларға өткізіліп, қазіргі уақытта аралас емхана болып табылады. Қазіргі уақытта ауруханада 275 төсек орын бар, хирургиялық бағытта 210 төсек-орын, жаңа туған нәрестелерді және неврологиясы бар нәрестелерді қараудың екінші кезеңіне 30 төсек-орын, офтальмологияға 30 төсек-орын және токсикологияға 5 төсек-орын арналған.

Толығырақ

Қош келіңіздер!

Құрметті, Алматы қалалық «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы» сайтының
Мен, сіздерді біздің сайт парақтарында көруге қуаныштымын!
Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы Алматы қаласының және жалпы республиканың бала тұрғындарына, тәулік бойы, шұғыл және жоспарлы түрде арнайы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған білікті медициналық көмек және диагностикалық көмек көрсететін, ірі көпсалалы аурухана болып табылады. Аурухана ең соңғы шығарылған технологияларға сәйкес келетін заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. Аурухананың қызметін қамтамасыз ететін материалды- техникалық қоры және коммуникациясы үнемі жетілдіріліп отырады. Ауруханада шет елдерде өзінің біліктілігін жоғарылататын жоғары білікті мамандар қызмет атқарады, бұл өз кезегінде емнің заманауи әдістерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.

Бұл сайтта, Сіздер аурухананың тарихымен, біздің негізгі қызмет бағытымызбен, көрсетілетін қызмет түрлерімен, дәрігерлер тобымен, сонымен қатар, өздеріңізді қызықтыратын сұрақтармен таныс бола аласыздар.

ШЖҚ «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы» МКК бас дәрігері Құсайынов Абай Зкрияұлы

Нұрлы жол – болашаққа бастар жол

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.

Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір жерлерде әлі құлдырау жалғасуда. Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты әлемдік экономиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер туындатуда.

Толығырақ
Скачать отчет о доходах и расходах за 2015 год