Call-орталығы сапа мәселелерін, көрсетілген
қызметтерді, шағымдар мен ұсыныстарды қарайды

Медбике қызметін 10 мыңнан астам күн атқарып келеді3 мамыр 2023


Уркумбаева Сәуле Ақынқызы – Алматы қаласы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының бас медбикесі.



Еңбек жолын 1980 жылы облыстық балалар ауруханасында медбике болып бастаған. 1982 жылдан бастап Алматы қаласы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында жұмыс істеп келеді. Ол кезекші медбикеден аурухананың медбике ісі бөлімінің бірінші меңгерушісіне дейінгі кәсіби жолды өтті. Сәуле Ақынқызы өзінің күнделікті жұмысында медбике ісін дамытудың өзекті мәселелерін, атап айтқанда, салалық нормативтік актілер, дәлелді медбике тәжірибесін енгізу мәселелері, медбикенің клиникалық нұсқаулары және медбике жұмысындағы қызметтік құжаттама мәселелерін көтеріп келеді.



«Жыл сайын медбике ісін дамыту тенденциялары денсаулық сақтаудағы медбикенің рөлін айтарлықтай күшейтеді. Тарихта медбике орта медициналық персонал және дәрігердің нұсқауы бойынша медбикелік көмек көрсететін дәрігердің көмекшісі болып саналды деген түсінік қалыптасқан. Бүгінгі күні медбикелік қызмет ғылыми көзқарас пен дәлелді тәжірибеге негізделген. Біз медбикені өз бетінше медбикелік шешім қабылдайтын, медициналық құжаттарда көрсететін дәлелді медбикелік күтімді жоспарлайтын және жүзеге асыратын дәрігердің тең құқылы серіктесі ретінде көреміз. Қазір дәрігер мен медбикенің серіктестігі келесідей – дәрігер науқасқа медициналық көмек көрсетеді, ал медбике көп кәсіби мамандар тобының құрамында жұмыс істей отырып, медбикелік көмек көрсетеді», – дейді Сәуле Уркумбаева.



Сәуле Ақынқызының ұжымында 500-ге жуық орта және кіші медицина қызметкері бар. Ол жас мамандарға бай тәжірибесін, білімі мен дағдыларын береді.



Уркумбаева Сәуле Ақынқызының «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» мемлекеттік наградалары бар. Халықаралық медбикелер күні қарсаңында Сәуле Ақынқызын және Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының барша медбике ұжымын кәсіби мерекемен құттықтаймыз.