Call-орталығы сапа мәселелерін, көрсетілген
қызметтерді, шағымдар мен ұсыныстарды қарайды

Балалар шұғыл медициналық межициналық жәрдем орталығының хирург дәрігері Қурманалиев Мейіржан Бекетұлы Қазақстандық Дәрігерлер Орталық Азия Балалар Хирургтарының Ii Съезіне қатысты. 20 қыркүйек 2023


Қырғызстанда ТМД елдері педиатрларының «Бала және қоғам: денсаулық, даму және тамақтану» X мерейтойлық конгресі және Орталық Азия балалар хирургтарының II съезі өтті, онда қазақстандық дәрігерлер балалар қызметін дамытудағы оң тәжірибелерімен бөлісті. Мейіржан Қурманалиев кәсіби жетістіктері үшін марапатқа ие болды.



Іс-шараға Қытай, Өзбекстан, Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Украина және т.б. елдердің педиатрлары мен балалар хирургтары, сондай-ақ ғылыми қызметкерлер, университет оқытушылары, әр елдің педиатриялық қауымдастығының, педиатриялық қоғамның, Орталық Азия балалар хирургтары қауымдастығының, ТМД елдерінің педиатрлар Федерациясының өкілдері қатысты.



Қазақстанды 40-қа жуық педиатрлар мен балалар хирургтарынан құралған делегация ұсынды.

Конгреске қатысушылар ТМД елдеріндегі балалар хирургиясы, клиникалық фармакология, педиатрия және неонатологияның өзекті мәселелерін, сондай-ақ кәсіптің болашақ дамуы, жаңа міндеттер жағдайында балалардың денсаулығын сақтау, Орталық Азиядағы балалар хирургиясының қызметін реформалау туралы талқылады.