Call-орталығы сапа мәселелерін, көрсетілген
қызметтерді, шағымдар мен ұсыныстарды қарайды

Жаңа туған нәрестеге үшінші күні ота жасалып, туа біткен ісігі жойылды 27 қазан 2023


Алматы қаласы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының дәрігерлері туа біткен ақауы бар балаға ота жасады, сәбиде құрсақта жатқанда құйымшақ негізінде ісік пайда болған.

Патологияның бұл түрі қатерсіз, бірақ сәби өмірінің алғашқы айларында қатерлі ісікке айналу қаупі болды.

Балалар және неонаталдық хирург, іріңді-кеуде хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі САМАТБЕК ӘБДІМАНАПҰЛЫ бүгін жаңа туған Жайнаны күрделі отадан кейін үйге шығарып жатыр. Нәрестенің дүниеге келгеніне небәрі 12 күн, ол туғаннан кейінгі екінші күні перзентханадан ауруханаға жеткізілді.

«Бала құйымшақ негізінде орналасқан сегізкөз-құйымшақ тератомасымен дүниеге келді. Бұл неонатальды кезеңдегі балаларда жиі кездесетін ісік. Ісіктің өлшемі 10*8 см, аралас пішінді. Туғаннан кейінгі үшінші күні нәрестеге ота жасалды, ісік толығымен жойылды, баланың жағдайы қанағаттанарлық, ол үйге шығуға дайындалып жатыр. Біздің Орталық айына 100-ге жуық жаңа туған нәрестеге ота жасайды, соңғы 10 жылда динамика өсті деп айта алмаймын, қашанда осылай болған. Әрбір ата-ана мұндай аурудың себебін білгісі келеді, туа біткен кемістікке ішкі және сыртқы факторлар, экология, климат, тұқым қуалаушылық, жұқпалы аурудың барлық түрі әсер етеді. Даму кемістігінің айқын себептерінің бірі жүкті кезінде әйелдің вирустық инфекциямен ауруы екеніне көз жеткіздік», - дейді САМАТБЕК МЫРЗАХМЕТ.



Алматы қаласы Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының іріңді-кеуде хирургиясы және неонаталдық хирургия бөлімшесі 30 төсек-орынға арналған. Жұрт бөлімше қызметкерлерін "періштелердің құтқарушылары" деп атайды. Орталық дәрігерлері туралы ақпарат бүкіл елге тарап, бүгінде мұнда республиканың барлық аймағынан ата-аналар келеді.