Call-орталығы сапа мәселелерін, көрсетілген
қызметтерді, шағымдар мен ұсыныстарды қарайды

Жақ-бет хирургиясы қызметтері енді Алматы қаласындағы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында қолжетімді. 13 ақпан 2024


Біз жақ-бет патологиясы бар балаларды жоспарлы емдеуге қабылдаймыз.

Қабылдау жүргізетін және ота жасайтын м.ғ. д., профессор Нұрмағанов Серік Балтайұлы – жақ-бет хирургі және М. ғ. к., ЖҚШ жоғары санатты дәрігер - Уразаева Аида Энстовна.

Бұл патология мыналарды қамтиды:

Туа біткен ақаулар:
- Жоғарғы ерін мен таңдайдың жырықтары
- Тіл мен жоғарғы ерін үзбесінің қысқа болуы

Жұмсақ тіндердің қатерсіз түзілімдері:
- Атеромалар, липомалар, жұмсақ тіндердің және ауыз қуысының шырышты қабығының папилломалары
- Эпулис
- Мойынның ортаңғы және бүйірлік кисталары мен фистулалары
- Бет пен мойынның дермоидты кисталары
- Гемангиома

Бет сүйектерінің қатерсіз түзілімдері:
- Жақ кисталары
- Жоғарғы синус кисталары
- Жақ остеомалары
- Амелобластомалар, остеобластокластомалар

Жоғарғы және төменгі жақтағы артық тістер
Сілекей безінің аурулары:
- эпидемиялық емес паротит
- сілекей бездерінің тастары
- сиалоадениттер
- сілекей бездерінің ретенциялық кисталары

Самай мен төменгі жақ аурулары:
- жас кездегі дисфункция
- инфекциялық емес артрит

Қате біткен сынықтар:
- мұрын
- жақ

Бет пен мойынның тыртық деформациясы;
Жоғарғы ерінді қалпына келтіру операциялары;
Одонтогенді синусит және синус фистуласы;
Төменгі және жоғарғы жақтың дамымауы;
Бет пен мойын лимфадениттері.